Түркістандағы шахмат додасы: IUTH Студенттік лигасының Оңтүстік аймақтық ойындарын қабылдады

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің қабырғасында шахматтан Студенттік спорт лигасының Оңтүстік аймақтық ойындары — тартысты интеллектуалды жарыс өз мәресіне жетті.

Өңірдің рухани және спорттық астанасы — Түркістан қаласы тағы да үздік студент-интеллектуалдардың басын қосты. Турнирге Оңтүстік Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының командалары қатысып, жоғары шеберлік, стратегиялық ойлау қабілеті мен жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетті. Атап айтқанда, додаға мына оқу орындары қатысты:

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ (Түркістан қ.)

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Шымкент қ.)

«Мирас» университеті (Шымкент қ.)

ХТМУ (Түркістан қ.)

Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (Шымкент қ.)

Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты (Тараз қ.)

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (Тараз қ.)

Біздің Университет үшін мұндай ауқымды шараны өткізу — үлкен мәртебе. Студенттер арасында шахматты дамыту спорттық рухты шыңдап қана қоймай, туризм және қонақжайлылық индустриясының болашақ көшбасшылары үшін өте маңызды аналитикалық дағдыларды қалыптастыруға септігін тигізеді.

Осы кезеңнің жеңімпаздары еліміздің ең мықты шахматшылары бақ сынайтын Республикалық студенттік спорт лигасының финалдық кезеңінде аймағымыздың намысын қорғайтын болады.

Жалпыкомандалық есеп бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1-орын – Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ (Түркістан қ.)

2-орын – Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (Шымкент қ.)

3-орын – М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (Тараз қ.)

Барлық қатысушыларға сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!