Шымкенттегі университеттердің «Ziyatker» білім көрмесі.

2026 жылдың 26–27 наурызында Шымкент қаласында «ZIYATKER TURAN» мектебінің бастамасымен кәсіби бағдар беруге бағытталған университеттердің білім көрмесі өтті. Шараның басты мақсаты — түлектерге болашақ мамандығын таңдауға көмектесу және еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен таныстыру.

Аталған көрмеге біздің Университеттің Қабылдау комиссиясы бөлімінің қызметкерлері, бас мамандар Сұлтанхан Жангелді мен Мұңайтбас Мұқан қатысты.

Көрме барысында бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламалары туралы толық презентациялар ұсынылып, шығармашылық емтихандар мен оқуға түсу шарттары бойынша кеңестер берілді, сондай-ақ талапкерлер өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды.