Кәсіби мамандармен кездесу.

Бүгін Holiday Inn Seaside қонақ үйінің өкілдері 2 курс білім алушыларымен кездесу өткізді.

«Holiday Inn Aktau — Seaside» қонақ үйі Қазақстанда, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан заманауи төрт жұлдызды қонақ үй кешені болып табылады.

«Holiday Inn Aktau — Seaside» халықаралық IHG (InterContinental Hotels Group) желісінің бөлігі болып табылады. Ол білім беру мекемелерімен белсенді жұмыс істей отырып, білім алушыларға қонақжайлылық индустриясында тәжірибеден өтуге және кәсіби мансабын бастауға кең мүмкіндіктер береді.

Кездесу барысында қонақ үй мамандары қонақжайлылық саласындағы жұмыс мүмкіндіктері, еңбек шарттары, тәжірибеден өту және болашақтағы кәсіби даму жолдары туралы ақпарат берді.

Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қонақ үйдегі жұмыс ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет алды. Кездесуге қатысқан 100-ден астам білім алушы қонақ үйде жұмыс істеуге қызығушылық танытты.  

Осындай іс-шаралар білім алушыларға болашақ мамандығын тереңірек түсінуге, сондай-ақ оқу кезінде-ақ жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді.