Ортағасырлық Отырар қаласының рабатында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері.

2026 жылғы 5 наурызда «Ғылыми этика, академиялық адалдық, қазіргі заманғы білім берудегі инновациялар мен жасанды интеллект» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аясында BR28713129 «Қазақстанға ислам дінінің енуін және таралуын археологиялық және жазба деректер негізінде зерттеу» ғылыми бағдарламасының күнтізбелік жоспарына сәйкес Түркістан облысында жүргізілген далалық зерттеу жұмыстары мен археологиялық зерттеулердің нәтижелері көрмеде таныстырылды.

Атап айтқанда, Ортағасырлық Отырар қаласының рабат бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған жәдігерлер мен ғылыми нәтижелер қатысушылар назарына ұсынылды.