
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылым қоры» АҚ-мен бірлесіп және «Қазақстан халқына» ҚҚ қолдауымен «AI-Sana» бағдарламасының II кезеңіне қатысу үшін ауқымды іріктеудің басталғанын жариялайды.
ЕГЕР СІЗ:
✅ технологиялар мен Жасанды интеллект тоғысында жұмыс істегіңіз келсе
✅ өз жобаларыңызды іске қосқыңыз келсе
✅ еліміздің ең ірі AI-қозғалысының бір бөлігі болғыңыз келсе
ІРІКТЕУДЕН ӨТУ МҮМКІНДІГІН ӨТКІЗІП АЛМАҢЫЗ!
ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қазіргі студенттері, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ 2026 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы бойынша білім алушы магистранттар мен докторанттар;
AI-Sana бағдарламасының I кезеңі аясында жасанды интеллект бойынша базалық курстардан немесе ЖИ бойынша басқа да курстардан өту;
Ағылшын тілінің базалық деңгейін білу (ағылшын тілін білетінін растайтын сертификат талап етілмейді)*.
*бағдарламаны одан әрі жалғастыру үшін базалық ағылшын тілі қажет, өйткені ЖИ модельдерімен, кодпен (Python) және бейінді материалдармен жұмыс ағылшын тілінде жүргізіледі, бұл жерде ЖИ жауаптарының сапасы мен дәлдігі өте жоғары.
ТЕСТІЛЕУ МЕРЗІМІ:
2026 жылғы 2 – 15 наурыз аралығы (сағат 23:59-ға дейін)
Тіркелу және тестілеуден өту жолдары:
PlatonusApp мобильді қосымшасы арқылы (Platonus платформасын қолданатын ЖЖОБКБ білім алушылары үшін);
Егер Сіздің университетіңіз Platonus платформасында жұмыс істемесе — келесі сілтеме бойынша: https://aisanatesting.kz немесе ресми сайт арқылы: https://aisana.gov.kz
ҚАТЫСУ НЕ БЕРЕДІ?
✅ Әлемдік сарапшылардан білім алу
Lumos Capital Group кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Пол Кимнің, сондай-ақ Stanford, MIT университеттерінің өкілдерін, Кремний алқабының инвесторлары мен венчурлық қорларын қамтитын жетекші халықаралық сарапшылардың жетекшілігімен оқу.
✅ ЖИ практикасы
Теориядан бастап Google Colab-тағы Python-дағы нақты кодқа дейін. Сіз нейрондық желілер мен тілдік модельдердің қалай жұмыс істейтінін түсінесіз және оларды нақты міндеттерге қолдана аласыз.
✅ Кәсіпкерлік ойлау
Венчурлық инвесторлар мен стартап негізін қалаушылардан білім алу. Сіз питчтің (таныстырылымның) арғы жағында идеялардың қалай бағаланатынын білесіз.
✅ Нақты кейстермен жұмыс
Энергетика, АӨК, денсаулық сақтау, қаржы, білім беру және Қазақстанның басқа да негізгі салалары.
✅ Дайын бизнес-жоспар
Капстоун-жоба: стартапты дамытудың 12 кезеңі бойынша 240 маңызды сұрақ. ЖИ-жүйесімен бағалау, үздік жұмыстарды Peer Gallery-де жариялау.
✅ Alem.ai резиденттігі
II КЕЗЕҢГЕ ҚАЛАЙ ӨТУГЕ БОЛАДЫ?
Тіркеуден өтіңіз (қолданыстағы Gmail поштасы болуы қажет)
Тестілеуден өтіңіз:
а. тест 25 сұрақтан тұрады
b. әр сұраққа 4 жауап нұсқасы берілген, оның ішінен 1 дұрыс жауапты таңдау керек
c. тестілеуден өтудің максималды уақыты – 120 минут
d. тестілеуден өту уақыты да іріктеудің қосымша критерийі ретінде ескеріледі
e. тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған қатысушылар жіберіледі
f. тесттен сәтті өткен жағдайда, тіркелу кезінде көрсетілген поштаға жеке логин мен пароль көрсетілген бағдарламаға қабылданғаны туралы хат келеді.
«AI-Sana» бағдарламасы туралы толығырақ ресми сайтта: https://aisana.gov.kz/
Сәттілік және жоғары нәтижелер тілейміз!