Университетте «Эпиграф» баспасының өкілдерімен кездесу өтті.

2026 жылдың 26 ақпанында Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Эпиграф» баспасының электронды оқулықтар платформасының өкілдерімен кездесу өтті. Баспа өкілдері оқытушылары мен білім алушыларына «Электрондық кітапхана» порталын таныстырып, оқыту сапасын арттыру үшін платформаның интерактивті құралдарын пайдалану жолдарын егжей-тегжейлі айтып берді.

Оқулықтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары мен стандарттарына толық сәйкес келеді. Басылымдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған, бұл түрлі бөлімдерде білім алу үшін кең мүмкіндіктер ашады.

«Эпиграф» электронды кітапханасы Университет желісіндегі кез келген құрылғыдан шектеусіз, сондай-ақ логин мен пароль арқылы әлемнің кез келген нүктесінен қолжетімді.

Баспа Қазақстан нарығында 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. «Эпиграф» деректер базасы — ҚР жоғары оқу орындарына арналған 9000-нан астам атаудағы монографиялардың, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің толық мәтініне қол жеткізуді қамтамасыз ететін отандық ресурс.

Мұндай ресурстарды енгізу университетті одан әрі цифрландыруға ықпал етеді және білім беру процесін сапалы ақпараттық қолдаумен қамтамасыз етеді.

Перейти к верхней панели