21 ақпан – Дүниежүзілік экскурсоводтар күні аталып өтті

Халықаралық туризм және меймандостық университеті Туризм мектебінің ұйымдастыруымен 21 ақпан – Дүниежүзілік экскурсоводтар күніне орай мазмұнды әрі тағылымды іс-шаралар өтті. Атаулы күн аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, студенттерге арналған танымдық квест өткізілді.

Дөңгелек үстелге туризм саласының мамандары, саяхат агенттіктерінің басшылары және тәжірибелі экскурсоводтар қатысып, экскурсиялық қызметтің қазіргі даму үрдістері, кәсіби стандарттар, гид мамандарды даярлау сапасы мен саланың болашағы жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында қатысушылар тәжірибе бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Ал студенттерге арналған квест бағдарламасына университетіміздің 6 командасы қатысып, білімдері мен шығармашылық қабілеттерін сынады. Қатысушылар экскурсия жүргізу дағдылары, тарихи-мәдени нысандарды таныстыру шеберлігі және командалық жұмыс бағыттары бойынша түрлі тапсырмаларды орындады.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, болашақ туризм мамандары үшін кәсіби мотивация мен тәжірибелік маңызы зор алаңға айналды.

Перейти к верхней панели