

2026 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында Ғылым ордасы ғылыми орталығының базасында 2025 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шараға оқу ордамыздан «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болған «Дене шынықтыру және спорт» мектебінің аға оқытушысы Н.Б. Омаров қатысып, арнайы куәлік пен төсбелгіге ие болды.
Әріптесімізді жоғары жетістігімен құттықтай отырып, алдағы ғылыми-педагогикалық қызметіне шығармашылық табыс, жаңа белестер мен толағай жетістіктер тілейміз!
