

Қарағанды қаласында ересектер арасында жауынгерлік самбодан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында оқу ордамыздың студенті Рад Әлия 54 кг салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Бұл – спортшымыздың тынымсыз еңбегі мен табанды жаттығуларының жемісі.
Рад Әлияны осы жарқын жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беруіне тілектестік білдіреміз!
