
2026 жылғы 2 ақпанда университет қабырғасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырған V Білім алушылардың ғылыми-теориялық конференциясының ашылу салтанаты өтті. Конференцияға ғылыми ізденіске қызығушылық танытқан білім алушылар, профессор-оқытушылар құрамы және ғылыми жетекшілер қатысты.
Іс-шара барысында қатысушыларға ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ортаға салуға мүмкіндік беріліп, мазмұнды баяндамалар мен пікірталастар ұйымдастырылды. Барлық қатысушыларға табысты баяндамалар мен жаңа ғылыми жетістіктер тілінді.
Конференцияның ашылу салтанатында университеттің Басқарма төрағасы – Ректор м.а. Бекежан Қожабекұлы құттықтау сөз сөйледі.
Биылғы конференция аясында 5 секцияның жұмысы ұйымдастырылып, жалпы 229 ғылыми баяндама тыңдалуы жоспарланған.
Пленарлық отырыста үздік студенттік баяндамалар тыңдалды.
2026 жылғы 3–5 ақпан аралығында конференция секциялары бойынша жұмыстар жүргізіліп, білім алушылар өз зерттеулерін ұсынып, өзекті ғылыми мәселелерді талқылайды. Конференция білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуға және ғылыми зерттеулерді насихаттауға бағытталған маңызды алаңға айналмақ.