
Әскери кафедраға 2026 жылы құжаттарды тапсыру мерзімі мен іріктеу комиссиясының жұмысы туралы ақапарат:
Іріктеу «Әскери кафедра қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 1576 бұйрығына және «Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҚМ 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Іріктеу комиссиясы әскери кафедрада оқыту үшін білім алушыларді іріктеуді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін қабылдау жоспарына сәйкес конкурс негізінде жүргізіледі.
Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген білім алушы оқуға түсу (қабылдау) 2026 ж. 1 ақпанынан бастап үлгі бойынша ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелгенде және порталдың есептік жазбасына қосылғанда электрондық цифрлық қолтаңба қойылған не бір реттік парольмен куәландырылған www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш береді.
Өтінішті қабылдау оқуға түскен (қабылданған) 2026 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады.
Әскери даярлық бағдарламалары бойынша оқуға қабылданған азаматтар әскери кафедраға оқуға түскен 2027 жылдың 1 ақпанынан бастап сабаққа кіріседі.
Әскери даярлық мерзімі:
1) запастағы офицерлерді әскери даярлау бағдарламасы бойынша – кемінде 2 жыл 5 ай;
2) запастағы сержанттарды әскери даярлау бағдарламасы бойынша – кемінде 1 жыл 5 ай болып белгіленеді.
Запастағы офицерлерді әскери даярлау бағдарламалары бойынша оқу үшін студенттер өтініштерді бакалавриаттың білім беру бағдарламасының мерзіміне байланысты әртүрлі оқу курстарында мынадай тәртіппен береді:
2026-2027 оку жылы Университетке түсетін бірінші курстағы – 3 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар;
бірінші курста – 4 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар;
Запастағы сержанттарды әскери даярлау бағдарламалары бойынша оқу үшін студенттер өтініштерді бакалавриаттың білім беру бағдарламасының мерзіміне байланысты әртүрлі оқу курстарында мынадай тәртіппен береді:
бірінші курста – 3 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар;
бірінші, екінші курстарда – 4 жылдық оқу мерзімімен бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар;
Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу процесі төрт кезеңде жүзеге асырылады:
бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) медициналық куәландырудан өту;
екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу;
үшінші кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;
төртінші кезең – ЖЖОКБҰ-ның басшысы жасайтын және бекітетін рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.
Конкурстың әрбір кезеңінен бір рет өтуге жол беріледі. Алдағы кезеңнен өтпеген түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ ҮШІН:
Әскери кафедра мекен-жайы: Түркістан қ., Рабиға Сұлтан Бегім, 14А, Оқу корпусы 0-этаж 5 кабинет.
Жұмыс уақытысы: 9.00-17.00 деін күнделікті. Сенбі, жексенбі – ДЕМАЛЫС
Тел.: 8 (700) 601-080-80