«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 26) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының 17, 18 тармақшасына сәйкес жоғары білім алу үдерісі барысында босаған білім беру гранттары білім беру бағдарламасы бойынша ақылы негізде білім алушылар арасында байқау өткізу арқылы тағайындалады.
Босаған білім беру грантын алуға байқау жүргізу кезінде үлгерімнің орташа балының көрсеткіші бірдей болған жағдайда оқудың барлық мерзімі бойынша тек А,А- («өте жақсы»), одан соң А, А- («өте жақсы») бастап В+, В, В-, С+ («жақсы»), ары қарай аралас бағалары бар үміткерге беріледі.
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
- Ақылы негізде оқитын білім алушының білім беру гранты бойынша оқуы туралы Басқарма төрағасы – Ректор атына жазылған өтініші (үлгі қосымшада);
- Білім алушының транскрипті;
- Білім алушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
- Әлеуметтік мәртебесі туралы анықтама (қажет болған жағдайда).
ӨТІНІШ БЕРУ УАҚЫТЫ МЕН ОРЫНЫ:
- 08-16.01.2026ж күндер аралығы;
- Тіркеу кеңсесі (Бас ғимарат, 104 кабинет)
- Сағат 09:00-18:00 аралығы.
Халықаралық туризм және меймандостық университеті КеАҚ.
Жоғары білім алу процесінде грант бойынша босатылған бос орындары.
БАКАЛАВР/МАГИСТРАТУРА
(08.01.2026 ж күнгі)

