Ғылыми іссапар – Стамбул қаласы (Түркия Республикасы)

2025 жылғы 11–21 желтоқсан аралығында Абжалов Сұлтанмұрат, Мухитдинов Рашид, Нұрматов Жахангир және Сандыбаев Жалғас — жобаның орындаушылары, ғылыми қызметкерлер, BR28713129 «Қазақстанға ислам дінінің енуін және таралуын археологиялық және жазба деректер негізінде зерттеу» жобасы аясында Стамбул қаласында ғылыми іссапарда болды.

Іссапардың мақсаты – Орта Азия (Мауараннаһр) елдеріне исламның енуі мен таралуына қатысты орта ғасыр араб тіліндегі дереккөздерді жинақтау және жүйелеу, олар Стамбул қаласындағы ғылыми-зерттеу институттары мен кітапхана қорларында сақталған.

Іссапар барысында İSAM (İslam Araştırmaları Merkezi), Сүлеймания қолжазбалар кітапханасы, Marmara University кітапханалары, сондай-ақ Түрік тарихи қоғамы мен Түркия Дін істері басқармасы қорлары бойынша жұмыс жүргізілді. Жоба тақырыбына байланысты араб тіліндегі қолжазбалар, монографиялар және ғылыми еңбектер іріктеліп, талданды. Жинақталған материалдар әрі қарайғы зерттеулер мен ғылыми жарияланымдарға пайдаланылатын болады.