
Тіл мектебінің Аға оқытушысы Тоғызбаев Дәулет Әзілханұлының ұйымдастыруымен Ағылшын клубының жұмысы аясында мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған кездесу өткізілді. Іс-шара Америка Құрама Штаттарының Бас консулдығымен және Fulbright English Teaching Assistant Program бағдарламасымен бірлескен ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылды. Клубтың құрметті қонағы ретінде Fulbright English Teaching Assistant (ETA) бағдарламасының ассистенті Ms. Jackelyn Samandas шақырылды. Кездесу барысында қонақ еркін тақырыпта дәріс оқып, студенттермен ашық диалог форматында пікір алмасты. Бұл формат студенттермен ашық әрі нәтижелі өзара қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді. Дәріс жоғары кәсіби деңгейде өтіп, мазмұндылығы мен танымдық құндылығымен ерекшеленді. Студенттер ағылшын тілінде тікелей тіл тасымалдаушымен қарым-қатынас жасау арқылы өздерінің коммуникативтік құзыреттерін дамытуға бірегей мүмкіндік алды. Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, талқылауға үлкен қызығушылық танытты. Аталған іс-шара білім алушылар тарапынан жоғары бағаланып, кең қолдау тапты. Кездесу қорытындысы бойынша студенттердің ағылшын тілін меңгеруге деген ынтасы айтарлықтай артып, халықаралық және мәдени алмасу саласындағы таным-түсінігі кеңейді.