Түркия Республикасы, Стамбул қаласына іссапар

2025 жылғы 6–18 желтоқсан аралығында Акешова Мадина Мурзахановна – жоба жетекшісі, Нышанова Салтанат Тыныбековна – жоба орындаушысы AP19678230 «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып ағылшын тілін оқытуда туризм және спорт саласы мамандарының коммуникативтік-танымдық құзыреттілігін жетілдіру» жобасы аясында Түркия Республикасы, Стамбул қаласында іссапарда болды.

Іссапар барысында Istanbul Topkapı University және Yıldız Technical University университеттерінде зерттеу нәтижелерін таныстыру және апробациялау жұмыстары жүргізіліп, халықаралық ғылыми ынтымақтастық мәселелері талқыланды.