Ulusoy Kemer Holiday Club қонақ үйінде шетелдік өндірістік тәжірибеден өтуге арналған ішкі іріктеу туралы хабарландыру

Құрметті 2-курс студенттері,
Халықаралық туризм және меймандостық университеті Ulusoy Kemer Holiday Club қонақ үйінде шетелдік өндірістік тәжірибеден өтуге арналған ішкі іріктеудің басталғанын хабарлайды.
Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және төмендегі процедураларды қамтиды:
1. Университеттің ішкі іріктеуі
Ішкі іріктеу Ulusoy Kemer Holiday Club өкілдері келгенге дейін жүргізіледі.
Іріктеуге 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін толық құжаттар пакетін тапсырған студенттер қатыса алады. Құжаттар тізімі:
* GPA деңгейі 3.0-ден жоғары транскрипт;
* Түлек шығаратын мектеп директорынан ұсыным хат;
* Топ кураторының сипаттамасы;
* Студенттің түйіндемесі (қазақ немесе орыс тілдерінде);
* Студенттің шетелдік тәжірибе бағдарламасына қатысу жөніндегі өтініші;
* Тіл білуін растайтын сертификат (түрік немесе ағылшын тілі) – бар болған жағдайда.
2. Әңгімелесуге шақыру
Ішкі іріктеу нәтижелері бойынша GPA көрсеткіші жоғары және оң сипаттамаға ие студенттер Ulusoy Kemer Holiday Club өкілдерімен әңгімелесуге қатысу құқығын алады.
3. Іріктеуге қатысуға шектеулер
Шетелдік өндірістік тәжірибеге қатыстырылмайды:
* академиялық қарызы бар студенттер;
* теріс мінездеме алған студенттер;
* тәртіптік ережелерді бұзған студенттер;
* GPA көрсеткіші 3.0-ден төмен студенттер;
* Әскери кафедраға қабылданған студенттер.
Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық бөліміне жүгінуге болады
(Ректорат, 114-кабинет).