Стамбулда түркі әлемінің діни-тарихи мұрасына қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілді

2025 жылғы 19–28 қараша аралығында AP23490104 гранттық жобасы аясында орындаушылар Малдыбек А. және Қожан А. Стамбулға іссапармен барып, түркі әлемінің діни-тарихи мұрасын зерттеді.

     Іссапар барысында Айя София, Топкапы сарайы, Сұлтанахмет мешіті, Эюб сұлтан кесенесі, Азиз Махмұд Худайи мешіті сияқты маңызды тарихи-діни нысандар қарастырылып, ғылыми, әдістемелік және визуалды материалдар жинақталды. Жиналған деректер жобаның есептерін дайындауға және мультимедиялық интерактивті атластың мазмұнын толықтыруға қолданылатын болады.

Перейти к верхней панели