

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Кітапханасында қызметкерлер арасында еркін форматта көркем шығармаларды оқу бойынша шығармашылық конкурс өтті.
Кездесу барысында «Ұшқан ұя», «Әке», «Ұлпан» сияқты белгілі әдеби шығармалар талқыланды.
Конкурстың мақсаты — қызметкерлердің оқу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қолдау, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, өзіндік шығармашылықты таныту алаңын құру және корпоративтік рухты нығайту.
Іс-шараның ұйымдастырушысы — аға кітапханашы Алдашукурова М.Н.
Конкурсқа қатысқан барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Өткізілген конкурс қызметкерлер арасында шығармашылық қарым-қатынас пен мәдени дамуға ықпал ететін маңызды және сұранысқа ие алаң екенін көрсетті.
Кездесу қорытындысында іс-шараны тұрақты түрде өткізу, жанрлық ауқымды кеңейту және номинациялар санын көбейту туралы ұсыныстар айтылды.






