

2025 жылғы 19–21 қараша аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы» бойынша VIII Халықаралық олимпиадаға біздің Туризм мектебі жоғары деңгейде қатысты. «Алау 1» және «Алау 2» командалары ерекше дайындық пен табандылықтың арқасында жалпы командалық есепте І және ІІ орындарды жеңіп алды. Бұл – студенттеріміздің еңбегімен қатар, оқытушыларымыздың кәсіби шеберлігінің айқын көрінісі.
Барша қатысушыларды құттықтай отырып, Туризм мектебінің одан әрі де жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдіреміз!
