
2025 жылғы 3-19 қараша аралығында Халықаралық туризм және меймандостық университетінде ҚР ҒЖБМ өткізетін «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсының I кезеңі өтті.
Үміткерлерді іріктеу және құжаттарды тексеру рәсімі Ақпараттық жүйенің көмегімен өткізілді. Байқауға қатысушылардың қызметі оқыту сапасы мен ғылыми-зерттеу жетістіктері бойынша бағаланды. Университетімізден аталмыш конкурстың бірінші кезеңіне «Туризм» мектебінің директоры, PhD С.А. Нахипбекова, «Дене шынықтыру және спорт» мектебінің аға оқытушысы Н.Б. Омаров, «Гуманитарлық» мектебінің қауымдастырлған профессоры, филос.ғ.к. А.Ж. Малдыбек, «Гуманитарлық» мектебінің қауымдастырлған профессоры, т.ғ.к. Э.Е. Альжанова, «Тіл» мектебінің қауымдастырлған профессоры, п.ғ.к. Б.Б. Кенджаева, «Тіл» мектебінің PhD, аға оқытушысы С.Б. Утебеков құжаттарын ұсынды.
2025 жылғы 18 қарашада сарапшылар жұмысының нәтижелері «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсының II кезеңіне қатысу үшін үміткерлерді ұсыну туралы шешім шығаратын комиссияның қарауына ұсынылды. Комиссия мәжілісі хаттамамен ресімделді.
Қосымшада: Комиссия хаттамасынан үзінді тіркелген.