

«Ясауи мәдениетінің ұлттық құндылықтарын жаңғырту тұжырымдамасы: зиярат және туризм» атты ғылыми семинар
2025 жылы 11 қарашада AP23490104 «Түркістан облысындағы діни туризм нысандарының ақпараттық әлеуетін зерделеу: 4 тілде мультимедиялық интерактивті атлас әзірлеу» гранттық жобасы аясында «Ясауи мәдениетінің ұлттық құндылықтарын жаңғырту тұжырымдамасы: зиярат және туризм» атты ғылыми семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында т.ғ.к., ясауитанушы Жандарбек З.З. «Түркістан өңіріндегі әулиелі жерлердің мәдени және рухани сабақтастығы» тақырыбында, ал PhD, қауымдастырылған профессор Сиздиков Б. «Түркістан қаласының өткені, бүгіні және ертеңі (тарихи және археологиялық деректер негізінде)» тақырыбында мазмұнды баяндамалар жасады.
Іс-шара аясында Түркістанның рухани-мәдени кеңістігіндегі тарихи және мәдени ескерткіштерге қатысты ғылыми деректер мен зерттеулер кешенді түрде талқыланды. Қатысушылар өңірдің бай рухани мұрасы мен мәдени келбеті жөнінде пікір алмасып, ғылыми тұрғыда өзекті мәселелерді ортаға салды.


