

Ризаходжаева Гулнара Абдумажитовна, AP22787128 «Туризм мамандарының лингвокоммуникативтік креативтілігін геймификация және арт-терапия арқылы шет тілін оқытуда дамыту» гранттық жобасының жетекшісі, 30 қазан – 6 қараша 2025 ж. аралығында Түркияның Фетхие және Анталья қалаларында өткен VI Uluslararası Gençlik Araştırmaları Kongresi халықаралық конференциясына шақырылған спикер ретінде қатысты.
Іс-шара барысында Г. Ризаходжаева жастар туризмі, тілдік білім беру, мәдениетаралық өзара әрекет және геймификация мен арт-терапияны оқу процесіне енгізу тақырыптарында баяндама жасады. Конференцияда Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа елдердің университеттерімен ғылыми байланыстар орнатылып, бірлескен зерттеулер мен халықаралық жарияланымдар мүмкіндіктері талқыланды.
Конференция соңында Г. Ризаходжаеваға алғыс хат пен қатысу сертификаты табысталды.



