Хайльбронн университетінің профессоры Ежи Яворскийдің қонақ дәрісі IUTH университетінде өтті

 

            2025 жылғы 3 қараша күні Халықаралық туризм және меймандостық университетінде (IUTH) Германия Федеративтік Республикасының Хайльбронн университетінің (Heilbronn University) Tourismusmanagement (Туризмді басқару) кафедрасының оқытушысы, профессор, доктор Ежи Яворски (Prof. Dr. Jerzy Jaworski) ресми сапармен келді.

            Профессор Ежи Яворски — іскерлік сапарлар индустриясы (MICE), бизнес-туризм және туризмдегі ақпараттық технологиялар саласындағы мойындалған маман. Сапар барысында ол университеттің басшылығымен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесіп, екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық ынтымақтастықтың болашағын, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

            Сапар аясында профессор университет студенттері мен қызметкерлері үшін екі іс-шара өткізді:

  • 10:00 — Презентация: «Академиялық ұтқырлық пен халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері»
  • 11:00 — Қонақ дәріс: «Іскерлік сапарларды басқару – қысқаша кіріспе»

            Профессор Яворскийдің дәрісі студенттер арасында қызығушылық тудырды. Қатысушылар іскерлік сапарлар индустриясындағы жаңа үрдістермен танысып, MICE іс-шараларын ұйымдастыру мен басқарудың практикалық аспектілері туралы құнды мәліметтер алды.

            Халықаралық туризм және меймандостық университетінің басшылығы профессор Ежи Яворскиге сапары мен мазмұнды дәрісі үшін алғысын білдіріп, Хайльбронн университетімен серіктестік байланыстарды дамыту мен білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.