«Менің Қазақстаным» мерекелік шараcы өтті

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде 25 қазан Республика күніне арналған «Менің Қазақстаным» атты мерекелік шара өтті.

Жиында Басқарма Төрағасы-Ректор міндетін атқарушы Бекежан Мырзаев ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, бірқатар қызметкерлерге облыс әкімі атынан Алғыс хаттар мен құттықтау хаттарды табыстады.
Мерекелік шара ары қарай студент жастардың концерттік бағдарламасына ұласты. Онда білімгерлердің “Алаш Орда” қойылымы ерекше әсерге бөледі.
Тәуелсіз еліміздің мерейі үстем, болашағы жарқын болсын!