Инклюзивті білім беру үшін жасанды интеллекті пайдалану тақырыбында дөңгелек үстел

2025 жылғы 24 қазан күні Университет базасында «Инклюзивті білім беру үшін жасанды интеллекті пайдалану: Орталық Азия Өңірлік Экономикалық Ынтымақтастық өңірі үшін масштабталатын модель» ісшарасының аясында жасанды интеллектіні инклюзивті білім беруге енгізу тақырыбы бойынша шетелдік ғалымдар, университет қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Ісшара «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ, «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті», «Орталық Азияның өңірлік экономикалық ынтымақтастығы» институты ұйымдастыруымен өтті. Дөңгелек үстелге Америка құрама штаттары, Қытай Халық Республикасы, Чехия, Хорватия, Румыния елдерінің жасанды интеллект және инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық сарапшылары қатысып, тәжірибелерімен бөлісті. Ісшара барысында университет мүмкіндіктері, оқу зертханалары, мектептердің қызметі, білім беру бағдарламалары таныстырылды.

Дөңгелек үстел инклюзивті білім беру саласында жасанды интеллектінің әлеуетін талқылауға, халықаралық тәжірибе алмасуға және өңірлік деңгейде бірлескен зерттеу бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. Іс-шара нәтижесінде қатысушылар инклюзивті білім беруді жетілдіруге бағытталған серіктестік байланыстарды нығайтып, тиімді әрі масштабталатын модель қалыптастыру жолдарын қарастырды, сонымен қатар университтер арасында тығыз байланыстар орнатылды.