
2025 жылғы 16 қазанда AP26103507 «Түркістан өңірінің қалалық мәдениеті: әлеуметтік-мәдени эволюция және трансформация контексінде (XVIII – XXI ғасырдың басы): дәстүрлі қаладан заманауи қалаға дейін» және AP26105447 «Түркістан облысының тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштері мәдени-тарихи туризмді дамыту және оларды цифрландыру контексінде» жобаларын іске асыру аясында жоба жетекшілері Л.С. Динашева мен А.Д. Сандыбаева Ташкент мемлекеттік Шығыстану университетінде (TSUOS) өткен «Қарахандар — Альп Ер Тұңға (Афросиаб) ұрпақтары: Қараханидтер дәуіріндегі түркі және ислам әлемі» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, баяндама жасады. Конференция түркі әлемінің ортақ тарихи және мәдени мұрасын талқылау мақсатында жетекші ғалымдар мен сарапшыларды біріктірді.