«Діни экстремизм мен терроризм – қоғам дерті» атты іс-шара өтті

Тіл мектебінің аға оқытушысы Тоғызбаев Дәулет Әзілханұлының ұйымдастыруымен университет деңгейінде «Діни экстремизм мен терроризм – қоғам дерті» атты іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты – жастар мен қоғам мүшелерінің діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитетін қалыптастыру, радикалды идеологияның алдын алу және діни сауаттылықты арттыру.
Кездесуге құқық қорғау органдарының мамандары мен теолог қатысып, діни экстремизм мен терроризмнің мәні, теріс ағымдардың қоғамға зияны, заңнамалық жауапкершілік және дін мен дәстүр сабақтастығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Спикерлер қатарында:
* Сапаров Азизхан Абубакирұлы – ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің Терроризмге қарсы орталық бөлімінің қызметкерлері;
* Сарсенбаев Ермек Мұратбекұлы – Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі;
* Маханбетов Саятжан Бақытжанұлы – Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теологы.
Іс-шарада бейнематериал көрсетіліп, ашық пікір алмасу түрінде өтті.