

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Спорттық сауықтыру кешенінде КСРО-ға еңбек сіңірген жаттықтырушы, Орта Азия және Қазақстан Республикасының волейболдан бірінші спорт шебері, волейболшы Октябрь Қыдырбайұлы Жарылқаповты еске алуға арналған жасөспірім ұлдар арасындағы волейболдан дәстүрлі турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Жарыс салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың волейболға қызығушылығын арттыру және спортшылар арасында достық қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Бұл шараға Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарынан келген жасөспірімдер қатысуда. Барлығы 6 командадан тұратын 100-ге жуық қатысушы бақ сынайды. Турнир 9 қазанға дейін жалғасатын болады.


