Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Білім беруде жасанды интеллектті қолдану және енгізу: тәжірибелер, тәуекелдер және құралдар» тақырыбында біліктілік арттыру курсы өтті. Аталған курсқа оқу орны басшылығы, профессор-оқытушы құрамы мен қызметкерлер қатысты. Онда Plagiat.kz компаниясының өкілдері ЖИ – жасанды интеллект академиялық процестегі мәселелері мен мүмкіндіктеріне, ЖИ- арқылы жасалған контенттің сапасына талдау жасады. Сонымен қатар, білім алушылардың жазбаша жұмыстарында өзіндік стиль қалыптастыру мүмкіндіктері талқыланды.
Білім беруде ЖИ қолдану және оның тиімділігін арттыру мәселелері де назардан тыс қалмады.