
«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» ММ және «Халықаралық туризм және меймандостық университет» КЕАҚ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжат медициналық туризм мен денсаулық сақтауды дамытуды, кадрларды даярлауды және кәсіби дамытуды, ҚР ПІБ МО ведомстволық бағынысты санаторийлерінде студенттердің өндірістік практикасын ұйымдастыруды, қызметкерлер үшін курстар мен тренингтер өткізуді, сондай-ақ ғылыми-практикалық конференцияларға, форумдар мен семинарларға бірлесіп қатысуды көздейді.
Меморандумға қол қою әріптестік қатынастарды нығайтудағы және медициналық туризм саласында мамандарды даярлау сапасын арттыруға және сервистік құрамдас бөлікті дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру үшін жағдайлар жасаудағы маңызды қадам болды.