Халықаралық туризм күні

27 қыркүйек- Халықаралық туризм күні. Аталған күнге орай Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында орналасқан биіктігі 3350 метрлік Сарыайғыр шыңын бағындырып, арнайы таңба орнатты.
Біздің студенттер алдағы уақытта еліміздің тұмса табиғатынан ерекше шабыт алып, таулы жоталар мен бұдан да биік шыңдарды еш қиындықсыз еңсеретін болады.
Мереке құтты болсын!