«Bulletin of the international university of tourism and hospitality» журналы – ғылыми басылымдардың 2-тізбесінде.

Университетіміздің ғылыми журналы «Туризм» бағыты бойынша 2025 жылғы жарық көрген сандарын қоса алғанда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесінің 2-тізіміне енді.

Бұл мәртебе – университетіміздің ғылыми беделінің артуы мен зерттеу қызметінің сапасының айқын көрсеткіші. Журнал алдағы уақытта да отандық және шетелдік ғылымға өз үлесін қоса береді.