Халықаралық туризм және меймандостық университеті Президент Жолдауын тыңдады

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ұжымы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын зор ықыласпен тыңдады.

Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ жасанды интеллектінің тиімділігін арттыру мәселелері кеңінен қозғалды.

Соның ішінде мемлекет басшысы: «Тағы бір маңызды мәселе – бұл туризм. Жалпы, бұл салада біраз түйткілді мәселе бар. Шынын айту керек, кәсіби кадрлар тапшы. Осы саладағы бәсекеге қабілетіміз әлі де шамалы», – деп атап өтті.

Осыған байланысты университет ректоры Әлібек Шоқпаров қазіргі таңда туризм саласында кәсіби мамандардың шынымен де тапшы екендігін айтты. Сонымен қатар, бұл мәселелердің алдын алу және білікті мамандар даярлау бағытында университет алдағы уақытта да Жолдауда айқындалған басым міндеттерді негізге алып, жүйелі жұмыстарды жалғастыратынын жеткізді.