
Алғаш рет университет ғалымдары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсында грант жеңіп алды.
Сонымен қатар, университетіміздің үш ғылыми жобасы аталған министрліктің гранттық қаржыландыру конкурсында жеңіске жетіп, үздік ғылыми бастамалар қатарынан орын алды.
Бұған қоса, алғаш рет университетіміздің ғылыми жобасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым қоры арқылы коммерцияландыру бағыты бойынша қаржыландырылатын болды.
Бұл – зерттеуші ғалымдарымыздың кәсіби шеберлігінің, табандылығы мен ортақ мақсат жолындағы бірлігінің нәтижесі.