Универсиаданың табысты өтуі – университет ұжымының ортақ еңбегі

Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары студенттері арасындағы XIII жазғы Универсиада мамыр-маусым айларында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. 79 жоғары оқу орнынан 4000-ға жуық студент 17 спорт түрі бойынша бақ сынап, өз шеберліктерін көрсетті. Бұл ауқымды шара – тек спорттық жарыс қана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған жастардың басын қосқан бірегей алаң болды.

Универсиаданың сәтті аяқталуы-университет қызметкерлерінің еңбектері, тиянақтылық пен бірліктің, жауапкершілік пен кәсіби шеберліктің жемісі. Осы орайда, аталмыш іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына барынша атсалысқан университет ұжымына, қызметкерлерге, еріктілерге Басқарма төрағасы-Ректор өз алғысын білдіріп, алғыс хат табыстады.