
2025 жылғы ХІІІ Жазғы Универсиада аясында өткен жүзу жарыстары шапшаңдық пен шеберліктің су бетіндегі шынайы шоуына айналды!
Секундпен ғана емес, жүрекпен жарысқан спортшылар әр қимылында жеңіске деген жігер мен дайындықтың жемісін көрсетті.
Су бетінде қалықтап, межеге бет алған әрбір спортшы — өз университетінің абыройын қорғаған нағыз чемпион!
Жүзуден өткен әрбір сайыс — тәртіп пен табандылықтың, ептілік пен ерік-жігердің тартысы болды.
Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Алда — жаңа белестер мен рекордтар!