ХІІІ Жазғы Универсиада — БОКС БӘСЕКЕСІ

2025 жылғы ХІІІ Жазғы Универсиада аясында өткен бокс жарысы — нағыз қайсарлықтың, жігер мен мықтылықтың көрінісі болды!

Елдің әр өңірінен келген талантты жас былғары қолғап шеберлері рингте өзара мықтыны анықтап, жоғары деңгейдегі техникалық шеберліктерін паш етті.

Әр жекпе-жек — тек спорт емес, нағыз мінез, намыс пен рухтың тартысы! Жанкүйерлер үшін бұл ұмытылмас әсер, ал спортшылар үшін үлкен тәжірибе мен жаңа белес!

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер — болашақ чемпиондар!