ХІІІ Жазғы Универсиада ойындары аясында бадминтоннан жарыс өз мәресіне жетті

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында өтіп жатқан ХІІІ Жазғы Универсиада ойындары аясында бадминтоннан жарыс өз мәресіне жетті.
Шапшаңдық пен дәлдікті талап ететін бұл спорт түрінен 7 команда үш күн бойы өзара бақ сынасты.
Ашық алаңда өткен бәсекеде ерлер мен әйелдер құрамалары спорттық шеберліктерін, табандылықтарын және командалық рухтарын айқын көрсете білді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткен барлық командаларды шын жүректен құттықтаймыз!
Спорттағы жетістіктеріңіз толастамай, биік белестерден көріне беріңіздер!