ХІІІ Жазғы Универсиада ойындары аясында каратэ-до спорт түрінен өткен жарыс өз мәресіне жетті

Түркістан қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде ұйымдастырылған додаға еліміздің 17 жоғары оқу орнынан 100-ден аса спортшы қатысып, татамиде өзара мықтыны анықтады.

Екі күнге созылған тартысты бәсекеде түрлі тактикаларды меңгерген студент-спортшылар жоғары шеберліктерін көрсете білді. Нәтижесінде, жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.

Медальдық есеп бойынша:
🥇 І орын – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
🥈 ІІ орын – Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
🥉 ІІІ орын – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Айта кетейік, Универсиада аясында алдағы күндері тағы 10 спорт түрінен сайыстар өтеді. Ең үздіктер анықталатын сәттер әлі алда!