Руханият пен тағылым тоғысқан ерекше күн өтті

Бүгін университетімізде руханият пен тағылым тоғысқан ерекше күн өтті. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, көркем ойдың шебері, жазушы-драматург Дулат Исабековтың шығармашылығына арналған «Дулат Исабеков заманы» атты әдеби-танымдық кеш өтті.
Кеш барысында қаламгердің жүрекке жол тартқан романдары мен повестерінен үзінділер оқылып, әдебиетсүйер қауым ерекше әсер алды. Сондай-ақ, жазушының әдебиеттегі орны мен шығармашылық мұрасы туралы зиялы қауым өкілдерінің ойлы пікірлері ортаға салынды.
Іс-шара соңында университет ректоры Әлібек Шоқпаров сөз сөйлеп, оқу ордамыздың бас залын Дулат Исабеков есімімен атау шешімі туралы кеңінен тарқатты. Ол жазушы шығармаларының тек қазақ оқырманына ғана емес, әлемге ортақ рухани байлық екенін атап өтті. Себебі Дулат Исабеков — туындылары шетел сахналарында қойылған тұңғыш қазақ қаламгері.