XIII Жазғы Универсиада ойындары аясында жеңіл атлетикадан өткен жарыс өз мәресіне жетті

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында өтіп жатқан XIII Жазғы Универсиада ойындары аясында жеңіл атлетикадан өткен жарыс өз мәресіне жетті.
Аталмыш спорт түрінен еліміздің жоғары оқу орындарын қамтыған 24 команда құрамында 170 студент қатысып, екі күн бойы әртүрлі қашықтықтар бойынша өзара бақ сынасты. Желаяқтар жеңіске деген жігерін танытып, дода көркін қыздыра түсті.
Нәтижесінде жүзден жүйрік шыққандар жеңімпаз атанып, өз оқу орындарының мәртебесін асқақтатты.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!