Жазғы семестрге өтініш қабылдау басталды!

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде академиялық пән қарыздары бар білім алушылар үшін жазғы семестр ұйымдастырылады:
1 және 3-курс білім алушылары үшін – 23 маусымнан 1 тамызға дейін;
2-курс білім алушылары үшін – 7 шілдеден 15 тамызға дейін;
Өтініштер 2025 жылдың 23 мамыр – 10 маусым аралығында қабылданады.
Өтініш жазу үшін өз мектебіңіздің әкімшілігіне жүгініңіз.

Қосымша сұрақтарыңыз болса, жұмыс уақытында төмендегі байланыс номерлеріне хабарлассаңыздар болады:
+7 771 307 06 80 Қонақжайлылық мектебінің әдіскері Кусбатырова Рабиға;
+7 771 536 92 40 Туризм мектебінің әдіскері Әшірбекова Ақжарқын ;
+7 701 049 76 76 Дене шынықтыру және спорт мектебінің әдіскері Тәйтенова Жанат;

Назар аударыңыз: Жазғы семестрге қатысу – пән қарыздарын жоюдың бірегей мүмкіндігі!