
4300-ге жуық студент, 76 жоғары оқу орны, 800-ден астам медаль мен 104 кубок үшін тартыс ресми түрде бастау алды.
Іс-шараға министрлік өкілдері, Олимпиада жүлдегерлері, еліміздің әр түкпірінен келген қонақтар мен қала тұрғындары қатысты.
Салтанатты кеш жарқын концерттік бағдарламамен жалғасып, сахна төрінде De LaCurе мен Raim өнер көрсетті. Кеш соңын DJ Puza-ның көңілді дискотекасы түйіндеді.
Спорт пен өнер тоғысқан бұл кеш ел жадында ұзақ сақталары сөзсіз!