ХІІІ жазғы универсиаданы насихаттау аясында танымал спортшылармен түсірілімдер жүргізілді

2025 жылдың мамыр-маусым айларында біздің университеттің ұйымдастыруымен өтетін ХІІІ жазғы универсиаданы жарнамалау мақсатында Олимпиада ойындарының жеңімпаз және жүлдегерлерімен видео түсірілім жасау үшін наурыз айының 26-30 жұлдыздары аралығында Студенттік спорттық клуб директоры Ч.Ш.Есмуратов Алматы қаласында іссапарда болды. Еліміздің танымал спорт шеберлері Ермахан Сағиұлы Ибраимов – Қазақстандық әуесқой боксшы, бокс бойынша ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, еліміздегі әйелдер боксының басты қаһармандарының бірі, бүгінге дейін әлем чемпионатын екі рет ұтқан боксшы қызымыз-Назым Қызайбай, Қыдырбаев Жасұлан – қазақстандық ауыр атлетші  2014 жылғы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медальға қол жеткізген,еліміздің туын көкке көтеріп жүрген спортшыларымызбен кездесулер өткізіп, универсиаданы жарнамалау мақсатында фото, видео түсірілімдер жасады.