
Халықаралық туризм және меймандостық университетінің тұңғыш магистранттарының ректормен кездесуі өтті.
Нысаналы грант негізінде анықталған 25 магистрант. Оның 17-і біздің түлектер.
Аталған шарада оқу орда ректоры Әлібек Жұмабекұлы барша магистранттарды құттықтап, алдағы оқуларына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, университетіміздің тарихында алғаш рет туризм бағыты бойынша магистратура бағдарламасы Түркістан облысындағы туризм саласындағы жоғары білімнен кейінгі жалғыз білім беру бағдарламасы болып табылады.