Kemer Holiday Club (Түркия) қонақ үй басшылығымен кездесу өтті

 

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Kemer Holiday Club (Түркия) қонақ үй басшылығымен кездесу өтті.

Аталған кездесуге университет ұжымы мен 2 және 3 курс студенттері қатысты. Онда сала мамандары студенттерге тағылымдамадан өту жолдары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы құнды ақпараттарымен бөлісті.

 Бұл білімгерлеріміз үшін керемет мүмкіндік. Себебі бізде дуальды оқу жүйесімен білім алатын студенттеріміз өзара серіктестер арқылы тәжірибеден өте жүріп, еңбекақысын да ала алады. Өзін жақсы қырынан танытқан білім алушыларымыз сонда жұмысқа орналасып, сабақ үлгерімі жақсы болған жағдайда шәкіртақысын да сақтай алады.