IUTH Solutions қосымшасы іске қосылды!

Құрметті IUTH студенттері мен ұжымы!

Сіздерге қуанышпен хабарлаймыз!

IUTH Solutions қосымшасы іске қосылды!  Бұл қосымша университет өмірін жақсартуға және тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды мүмкіндіктерді ұсынады.

Анонимді өтініштер
Қосымша арқылы сіздер өз ұсыныстарыңыз бен шағымдарыңызды анонимді түрде қалдыра аласыздар.
Ашық дауыс беру
Ұсыныстарды талқылап, оларды қолдау немесе қолдамау туралы шешім қабылдау енді оңай.

Сауалнамалар
Қосымша арқылы университет қызметіне қатысты көкейде жүрген сұрақтарды жолдап, олардың жауабын ала аласыздар.

IUTH Solutions қосымшасын қолданып, университет өмірін жеңілдетіп, оның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз!