Магистратура
Оқу мерзімдері: 2 жыл, 1,5 жыл, 1 жыл
Оқыту нысаны: күндізгі, дуалды
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне, тереңдетілген ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу дайындығына ие ғылыми орталықтарға, сондай-ақ өндірістік және басқарушылық шешімдерді өз бетінше қабылдайтын туризм саласындағы мамандарға жоғары білікті, ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау. Білім беру бағдарламасы ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттерін дұрыс тұжырымдай алатын, ғылыми ізденіс тұжырымдамасына аналитикалық тұрғыдан қарайтын, туристік индустрияда жаңа зерттеулерді ұсына алатын туризм мамандарын даярлауға арналған.
Зерттеудің негізгі бағыттары: басқару психологиясы, жоғары мектеп педагогикасы, ғылым тарихы мен философиясы, қонақ үй және туристік бизнестегі инновациялар, туризм индустриясындағы стратегиялық менеджмент, туризм статистикасы, туризмдегі маркетингтік зерттеулер, туристік пәндерді оқыту әдістемесі, туризмдегі ғылыми зерттеулердің әдістемесі, туристік кластерлерді жобалау, туристік индустрия кәсіпорындарындағы сапаны басқару және т.б.
Тәжірибе базалары:
Білім беру бағдарламасы міндетті ғылыми-зерттеу, өндірістік тәжірибеден тұрады. Оқу барысында сіз жетекші туроператорлық компанияларда (ішкі, кіру, шығу туризмі), қонақүй және мейрамхана бизнесінде, балалар мен жасөспірімдер туризмінде, бизнесті басқаруда, саяхатты басқаруда өз күшіңізді сынап көруге мүмкіндігіңіз бар:
– Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ғылыми-зерттеу орталығы
– Ж. Баласағын атындағы Қырғыз Ұлттық университеті
– Туризм академиясы, Қырғызстан Республикасы
– Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті
– Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті
– К.Сағадиева атындағы «Халықаралық бизнес университеті»
– «Тұран» университеті
– РМҚК «Отырар мемлекеттік археологиялық мұражай-қорығы»
– АҚ «Қазақ технология және бизнес университеті»
– РМҚК «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы
– ШЖҚ РМК «Экономика институты»
– М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті
– Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Мамандықтың мүмкіндіктері:
– Туризм және сыртқы байланыстарды басқару
– Мемлекеттік мекемелер мен әкімдіктер
– Қазақстан туристік қауымдастығы (ҚТҚ)
– Қазақстанның туристік агенттіктер қауымдастығы (АТАК)
– Қонақ үй-мейрамхана индустриясы
– Қонақжайлылық индустриясы үшін мамандарды даярлау орталықтары
– Авиабилеттерді брондау жөніндегі компаниялар
– Мүгедектігі бар адамдарға туристік қызмет көрсететін оңалту орталықтары
– Event-агенттіктер
– Ойын-сауық индустриясы
– Курорттық бизнес
– Спорттық-сауықтыру қызметтері
– Іскерлік әкімшілендіру
– Жарнама индустриясы
– Білім беру секторы