IUTH BALL 2024 мерекелік кеші өтті

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде студент жастарға арналған IUTH BALL 2024 мерекелік кеші өтті.

Алғаш рет ұйымдастырылған салтанатты шарада университет ректоры білімгерлерді мерекемен құттықтап, сәттіліктер тіледі.

Әсерлі кеште 14 жұп өзара сынға түсті. Вальс биі арқылы қыздар әсемдігі мен нәзіктігін көрсетсе, ұлдар табандылығы мен жігерлілігін танытты. Осылайша IUTH Mister & Miss иегерлері онлайн режимде көрермендердің дауыс беруімен анықталды.
Сонымен қатар айтулы кеште университетіміздің жыл үздіктері де арнайы марапаттарға ие болды.
Студенттердің әсерлі эмоциясы үшін өткізілген шара алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.