
Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Әлібек Шоқпаров есеп беру кездесуін өткізді.
Аталған жиын ашық және еркін форматта өтті. Университет басшысы он ай көлемінде университетке жүйелі түрде әсер еткен ауқымды өзгерістерге ерекше үлгіде (креативті) шолу жасады. Сонымен қатар, алдағы уақытқа жоспарланған негізгі бағыттарды жеткізді.
Сондай-ақ Әлібек Жұмабекұлы өз баяндамасында атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктердің барлығы ұжымның бірлескен еңбегі екендігін ерекше атап өтті.
Есеп беру жиыны ары қарай сұрақ-жауап сессиясына жалғасты.